Теміртауда тарих оқытушылары үшін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған семинар өткізілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында тарих оқытушылары үшін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған семинар болып өтті.
None
None

«Шараның басты мақсаты - Қазақ хандығының тарихын түсіндіру, өскелең ұрпақты қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен көрнекті тарихи тұлғалардың үлгісімен тәрбиелеу», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Семинардың қатысушыларына «Қазақ хандығына - 550 жыл» бейнебаяны ұсынылды. Бұдан басқа, баяндамалар дайындалды.

Қатысушылар осындай шаралардың өткізілуі өскелең ұрпақты ел тарихына құрмет көрсетуге тәрбиелеуге септігін тигізетінін шамалап отыр.

Соңғы жаңалықтар