Теміртауда түрік және қытай фирмаларына шетелдік жұмыс күшін тартудағы бұзушылықтары үшін айыппұл салынды

ҚАРАҒАНДЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында түріктің «TROY Tech» фирмасы мен қытайлық «Қытай Құрылыс» ЖШС-іне шетелдік жұмыс күшін тартудағы бұзушылықтары үшін айыппұл салынды.
None
None

«Теміртау қаласының прокуратурасы «TROY Tech» ЖШС мен «Қытай Құрылыс» ЖШС-нің қызметі үшін елге шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша заңнаманы сақтауды тексерді. Соның барысында бұзушылықтар анықталды. Кәсіпорындарда шетелдік жұмысшылардың рұқсат берілмеген санаттар мен қызметтерде жұмыс істегені анықталды», - делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен таратылған хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталғандай, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургиялық комбинатындағы жобаны іске асыруда жұмылдырылған «TROY Tech» ЖШС-де 5 шетелдік жұмысшы берілген рұқсаттармен қарастырылмаған жұмыстарды орындағаны анықталды. «Яғни, кәсіпорынға сыртқы су құбырының монтаждаушылары ретінде мәлімделген аталған шетелдік қызметкерлер қажет болмады», - деп есептейді прокурорлар.

Бұдан басқа, қатыстырылуына рұқсаттар берілмеген шетелдік жұмысшылар анықталды.

«Қытай Құрылыс» ЖШС-де жұмысқа инженер-жобалаушы ретінде қабылданған ҚХР-ның Чжоу Тао есімді азаматының кәсіпорын директорының міндеттерін атқарушы болып жұмыс істегені анықталды. Сонымен қатар бұл кәсіпорында қазақстандық жұмысшыларға қатысты ҚР Еңбек кодексін бұзылды», - деп атап өтілген хабарламада. Прокурорлық тексерудің мәліметтерінше, «Қытай Құрылыс» ЖШС қазақстандық жұмысшыларға қосымша жұмыстары үшін ақша төлемеген.

«Аталған фактілер бойынша Теміртау қалалық прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау туралы қаулы шығарды. Оларды қарау қорытындылары бойынша «TROY Tech» ЖШС-ға 1,6 млн. теңге айыппұл салумен бірге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қытай Құрылыс» ЖШС-нің филиалындағы басшының міндеттерін атқарушыға 48 540 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар