Теміртауда ЖЭО-2-де өрттен кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Кеше, 25 желтоқсан 14.34-те «АрселорМиталлТеміртау» АҚ ЖЭО-2-де жинақ-бөлу ұяшық (басты бөлу құрылғысы) өртке оранған болатын. Жалын 2 шаршы метрді және жертөледе электр кәбілі оқшаулағышының 0,5 метрін қамтыды. Турбиналық цех жұмысы тоқтатылды, жылумен жабдықтау, суық және ыстық су баяу қарқынмен беріліп отыр», делінген хабарламада.
ЖЭО-2-де АрселорМиталлТеміртау» АҚ №3 химиялық су тазалау электр қозғалтқышының орамасы өртенді. Электр қысымын айдау себебінен болуы мүмкін. Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, өрт 15.29-да химиялық су тазалау цехында шығып, 15.15-те ауыздықталды. 22.00-де ЖЭО-2 жұмысы қалпына келтірілді. «Қазір қалыпна елтіру жұмыстары жалғасуда, жылу-электрмен жабдықтау шттаттық режімде жүзеге асырылып жатыр», делінген хабарламада.