21:41, 26 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Теміртаудағы банктің төрт бөлімшесін «жарып жібермек» болған адам іздестіріліп жатыр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция «Казкоммерцбанк» АҚ төрт бөлімшесіне жарылғыш зат қойылды деп қоңырау шалған адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

26 желтоқсан күні жедел басқарманың кезекші бөліміне 14 сағат 26 минутта қоңырау түсіп, банктің төрт бөлімшесінен де адамдарды эвакувциялау туралы шешім қабылданды. Қоңырау шалған адам «жарып жібермек» болған ғимараттардың мекенжайын да айтпаған.
Алтыншы шағынаудандағы бөлімшеден 45 адам, Республика даңғылы бойынша - 140 адам, Металлургтер даңғылында - 83 адам, Бейбітшілік көшесінде 60 адам эвакуацияланды.
Шұғыл жеткен кинологтар мен саперлер бір уақытта аталған төрт мекенжайға барып, банктің төрт филиалын тексерді. Күдікті зат табылған жоқ.
«Қоңырау шалған жанның телефон нөмірі анықталды. Оның кім екендігін анықтау және ұстау» шаралары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.