Теміртаудың екі тұрғынын атып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаудың екі түрғына оқ тиіп қаза болды. Осыған байланысты полиция күдіктілерді іздестіруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Алдын ала мәліметтер бойынша, жас жігіттер төбелес барысында өлтірілген.

«Теміртау ІІБ криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері екі азаматтың өліміне Теміртау қаласының 1986 жылғы екі тұрғынынан күдіктеніп отыр.

Олардың қайда екендігін анықтау және ұстау бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Сотқа дейінгі іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағында қарастырылған «кісі өлтіру» әрекеті бойынша жүргізіліп жатыр», - деді Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы.

Полиция екі жігіт қазасының анық-қанығы мен жанжал себептерін анықтауда.

null

Соңғы жаңалықтар