Теміртаулық мектеп оқушысы жасөспірім-бопсалаушыларға 57 мың доллар мен 18 мың еуро берген

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Теміртаулық 13 жастағы мектеп оқушысы ұзақ уақыт бойы өзінен үлкен жасөспірімдердің бопсалауына түсіп келген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қарағанды облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығы Талғат Ақшалов бүгінгі өткен брифингте айтқандай, мектеп оқушысы 2008 жылдың қыркүйегінен бастап, бес ай ішінде бопсалаушыларға жалпы көлемі 57 000 АҚШ доллары мен 18 000 мың еуро берген. Т.Ақшаловтың айтуы бойынша, мектеп оқушысын қорқытып, ұрып-соққан. Үйде сақтаулы ақшаның жоғалып кеткенін баланың ата-анасы байқаған. «Орын алған факті бойынша тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы. ? 14,15 және 16 жастағы жасөспірімдерге қарсы ҚР ҚК 181 бабының 2 бөлімі бойынша (алдын ала келісім бойынша, топ болып, күш қолдану арқылы бопсалау) қылмыстық іс қозғалды». Қылмыскерлер аталған іс бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және мүліктері тәркіленеді.«Жәбірленуші дәулетті отбасынан. Бопсалаушылар онымен бір аулада тұрған және олар әр отбасының мүшелері», - деп түсіндірді Т.Ақшалов. Құқық қорғаушылардың болжамына қарағанда, бопсалаушылардың саны қазіргіден де көп. «Олардың жалпы саны 10-нан да асуы мүмкін», деген пікір айтады Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Т.Ақшалов. Бұл істің ақ-қарасын тергеу жұмыстары анықтайды.
Соңғы жаңалықтар