Теміржол қызметкерлері 400 литрге жуық дизель ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері 392 литр дизельдік отынды ұрлағаны үшін төрт теміржол қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Теміржол қызметкерлері 400 литрге жуық дизель ұрлаған

1 ақпанда Ерейментау стансасындағы желілік полиция бөліміне Ерейментау стансасындағы «Локомотив - 2030» ЖШС филиалының директоры шағымданып келеді. Оның айтуынша, 4 ер азамат дизельдік отынды ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері 2 тепловоз машинисі мен 2 машинист көмекшісін ұстады. Олар 20 қаңтарда Ерейментау стансасындағы депо аумағында тұрған маневрлік тепловоздан дизельдік отын ұрлаған.

Келтірілген залал көлемі 38,8 мың теңгеге бағаланып отыр.