14:54, 11 Тамыз 2025 | GMT +5
Темірлан Мұқатаев U22 санатындағы Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында үшінші алтын медалін алды.

Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының өкілі Темірлан Мұқатаев финалда өзбекстандық қарсыласының мысын басып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығып, Шахзод Полвоновты айқын басымдылықпен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және екі күміс медаль бар. Бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) күміс медаль иеленген болатын.