Теміртас Жүсіпов бокстан сегіз дүркін Қазақстан чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Боксшы Теміртас Жүсіпов (48 келі) ересектер арасындағы 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

Теміртас Жүсіпов
Фото: olympic.kz

Ақмола облысының өкілі ел біріншілігі финалында Нұрзат Оңғаровты (Жамбыл облысы) жеңді. Осылайша егіз дүркін ел чемпионы болды.

Теміртас Жүсіпов 1988 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем (2021), екі дүркін Азия чемпионы (2013, 2019) атағын жеңіп алған.

Ел біріншілігі Қарағанды қаласында өтіп жатыр. Бүгін финалдық жекпе-жектер белгіленген.

Айта кетсек, ел біріншілігінде Назым Қызайбай (48 келі) бүгін финалда қызылордалық Ақбота Болатпен қолғап түйістіруі керек еді.

Алайда қызылордалық спортышының алған жарақатына байланысты жекпе-жек өтпейтін болды. Сондықтан Назым Қызайбай 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

Айта кетсек, ел біріншілігінің финалында 92 келіден жоғары салмақта ағайынды Нұрлан Сапарбай мен Даниял Сапарбай кездесу керек еді. Дегенмен жекпе-жек өткізілген жоқ. Қарсыласының жекпе-жекке шықпауына байланысты Нұрлан Сапарбай 2024 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.