Теміртау әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды
ТЕМІРТАУ. KAZINFORM — Теміртау әкімінің 2025 жылғы 25 тамыздағы өкімімен әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары лауазымына, әкім аппараты басшысы қызметінен ішкі ауыстыру тәртібімен, Рауан Азаматұлы Таран тағайындалды.

Рауан Азаматұлы 1992 жылы Қарағанды облысында туған, екі жоғары білімі бар.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (2013 жыл, кәсіби оқыту), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (2018 жыл, юриспруденция, экономиканы құқықтық реттеу).
Мемлекеттік қызмет өтілі — 8 жылдан астам.
2013 жылдан бастап Қарағанды облысында жастар саясаты саласында еңбек етті: инспектор, бөлім меңгерушісі, бас маман, бөлім және басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2022–2023 жылдары Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасын басқарды.
2023 жылдан бері Теміртау қаласы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Осыған дейін Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы лауазымына Дулат Жекебаев тағайындалғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.