Теміртауда 6 жасар бала мұзға батып мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Теміртауда құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен 6 жасар баланың мәйітін алып шықты, деп хабарkайды Kazinform тілшісі.

гололед
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

Қайғылы оқиға бүгін, Теміртау қаласында, Нұра өзені үстіндегі көпір маңында болған. 

«13 желтоқсан күні 112 пультіне Теміртауда ересектердің қарауынсыз қалған баланың мұз астына түсіп кеткені туралы ақпарат түсті», - деп мәлім етті Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары жеткен. Жедел шаралар барысында құтқару жасағының күшімен 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды. Оқиғаның себептері анықталуда.

Осыған дейін Қарағанды облысында екі балықшы құтқарылғаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар