Теміртаудағы Ескі қала ауданында жылу қалпына келтірілді

Шымкентке 20 қазаннан бастап жылу беріле бастайды
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

Теміртаудың Ескі қала ауданында жылумен жабдықтау қалпына келтірілді. Аталмыш шағын ауданның үйлерінде ҚарМАЭС-1-дегі апатқа байланысты температуралық режим төмендеген болатын, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде КарМАЭС-1 сорғысындағы апатқа байланысты Ескі қаладағы үйлер төмен температуралық режимге ауыстырылған болатын. Оған себеп - станцияда багерлік сорғының су басуы болды. Нәтижесінде қазандық қондырғылары
резервтік отынға (мазут) ауыстырылды.https://kaz.inform.kz/news/temrtaudagi-karmaes-1-sorgi-stantsiyasinda-apat-boldi-fc1bc2/

Қазіргі уақытта апат жойылып, үйлерге тиісті температурада жылу берілді.

"Ескі қала үйлеріндегі температура кестесі қалпына келтірілді және жоспарға сай 86/64 температыраның 87/65 құрайды.

Қазіргі уақытта нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, станцияның қажетті жабдықтары мен отын қоры жеткілікті мөлшерде", - деп хабарлады Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар