00:26, 11 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Теміртаудағы ҚарМАЭС-1 сорғы станциясында апат болды
Теміртау қаласындағы ҚарМАЭС-1 сорғы станциясында апаттық жағдай орын алды. Оқиға салдарынан станцияның қазандықтары резервтік отынға ауыстырылды, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.

Теміртаудағы ҚарМАЭС-1-де орын алған апат температуралық кестенің төмендеуіне әкелді.
Әзірге тұрғын үйлердегі жылу жағдайы туралы ақпарат жоқ.
"КарМАЭС-1-дегі багерлік сорғының авариялық ажыратылуы салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. Жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта температура графигін қалыпқа келтіру жүріп жатыр. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.