Тендердегі отандық тауарөндірушілердің үлесі 93 пайызды құрап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тендердегі отандық тауарөндірушілердің үлесі 93 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпкерлеріне бірдей мүмкіндік бергенімен, отандық тауарөндірушілердің мысы басым болып қала бермек.

«Біз Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнан отандық тауарөндірушілерді қолдайтын норманы алып тастадық. Қалайша, біз отандық тауарөндірушілерді қолдамаймыз деген заңды сұрақ тууы ықтимал. Шын мәнінде ол норма декларативтік қана. Егер статистикаға жүгінетін болсақ, мемлекеттік сатып алуларға қатысқандардың 93 пайызы отандық шағын және орта кәсіпкерлер», - деп атап өтті ол.

«Бұл норманы алып тастау арқылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасында жасаған келісімшарт міндеттемелерін орындады. Осы арқылы ЕАЭО ықпалдастығы аясында және ДСҰ шеберінде біз барлық қатысушыларға тең мүмкіндіктер беріп отырмыз. Алайда, осы заңдағы жаңашылдықтар шағын және орта бизнеске өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жақсы жағдайлар жасайды. Сондықтан, декларативтік нормалар бізге керек. Бізге тек отандық тауарөндірушілерді қолдаудың тиімді шараларын жүргізу қажет. Оған заң бойынша біздің барлық жағдайларымыз бар. Мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заңды имплементациялау кезінде мен кәсіпкерлерді белсенді араласуға шақырғаным да сондықтан», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар