12:15, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Теңге АҚШ долларына шаққанда нығая түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталмыш қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 19 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,49 (-0,36 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 32 450 мың USD (+8 000 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер болған жоқ.