Теңге бағамының өзгеруі арендалық баспана құрылысы мерзіміне еш әсер еткен жоқ - Қ.Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңге бағамының өзгеруі арендалық баспана құрылысы мерзіміне еш әсер еткен жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі аясында жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 507 мың шаршы метр үй салынатын болады. Мұнан бөлек Қазақстан ипотекалық компаниясы мен Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкін қоса алғанда, «Бәйтерек» холдингі желісінде 929 мың шаршы метр пәтер пайдалануға беріледі,

«Біздің барлық нысандардағы қазақстандық қамту көлемі кемінде 80 пайызды құрайды. Таяудағы ұлттық валюта бағамының өзгеруі құрылыс мерзімдеріне еш әсер еткен жоқ. Өйткені, қазақстандық құрылыс материалдарының үлесі өте жоғары», - деді ол.

Сонымен қатар Қ.Бишімбаев 2015 жылы құрылыс жұмыстары барысында 21 мың қосымша жұмыс орны құрылғанын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар