12:11, 07 Тамыз 2017 | GMT +5
Теңге біршама нығайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 тамызда Қазақстан қор биржасының (KASE) таңертеңгілік сессиясында доллардың орташа сараланған бағамы 331,55 теңгені құрады. 4 тамыздағы (334,17/$1) бағамен салыстырғанда ұлттық валюта 2,62 теңгеге нығайды.

Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.
KASE ақпаратына қарағанда, таңертеңгілік сессияда АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,55 (-1,81 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 58 950 мың USD (+13 150 мың USD) құрады.