Теңге девальвациясы ұлттық резервті сақтауға мүмкіндік береді ? шетелдік сарапшылардың пікірі

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат. Ұлттық валютамыз – теңгені долларға қатысты құнсыздандыру шарасы өткен аптада отандық баспасөзде ғана емес, көрші елдердің бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен жазылды.
None
None
«Сырт көз ? сыншы» болғандықтан, теңге девальвациясына байланысты шетелдік БАҚ-тарда жазылған пікірлер тәуелсіз көзқарас тұрғысынан алғанда маңызды болуы тиіс. Осыны ескеріп, біз өткен аптада шетелдік БАҚ-та жарық көрген бірқатар жарияланымдарға қысқаша шолу жасағанды жөн көрдік. Бірден айту керек, бұл жарияланымдардың дені теңге девальвациясын уақытылы қабылданған, бірден бір ілкімді шара ретінде бағалаған. Мәселен, ақпанның 5-і күні The Wall Street Journal былай дейді: «Россияға, мүмкін, валюта саясатында Қазақстан жүріп өткен бағытты ұстану керек шығар. Алматыда Орталық банк (Ұлттық банк- ҚазАқпарат) сәрсенбіде теңгенің 25 пайыздық девальвациясына жол берді, ал бұл кезде Мәскеу рубльдің құнсыздануына бақылауға тырысуда. Соған қарамастан, рубль түсіп барады, ал оны қорғау құны үнемі өсуде» десе, «Время новостей» сарапшылардың пікіріне жүгінеді. «Сарапшылардың пікірінше, теңге бағамының бұрынғы айқын емес дәлізін ұстап тұрудан бас тарту арқылы Ұлттық банк оңтайлы шешім қабылдады және Ресеймен салыстырғанда елді ақша резервін шығындаудан құтқарды. Goldman Sachs сарапшылары Ұлттық банктің шешімі доллардың күрт өсімі мен тауар бағалары шарықтаған, теңге бағамына қолдан қолдау жасалып келе жатқан 2007 жылдың тамызынан бергі жағдайда қажет болды деп есептейді. Бұл реттеушінің уақытша шара ретінде қабылдаған ең оңтайлы шешімі болды, өйткені ол Ресей құсап біртіндеп құнсыздандырудан гөрі, резервті сақтауға мүмкіндік береді»- дейді сарапшылар. Сол секілді КОММЕРСАНТ та Қазақстандағы девальвация тақырыбына соқпай кетпеді. Бұл басылымның шолушылары ақпанның 5-і күні «Қазақстан доллармен есеп айырылысты» деген тақырыппен теңгені 23 пайызға құнсыздандыру шешімі қабылданғанын айта келе, «экономистер теңгенің осы ауқымдағы девальвациясы жеткіліксіз деп отыр» деген пікірді алға тартады. Сондай-ақ валюталық курсты әлсірету резервті рәсуалаудан құтқарып, инфляцияны жақсы бақылау бағытындағы қозғалысты қамтамасыз ететінін де атап көрсетеді. Ал енді Standard & Poor`s агенттігі теңгенің әлсіреуі экспортқа бағдарланған компаниялар үшін тиімді екенін жазады. «Девальвация турасындағы шешім соңғы айларда қысымға ұшыраған резервті сақтауға бағытталған. Теңгенің әлсіреуі операциялық ұсталымдары ұлттық валютада жүзеге асырылатын, экспортқа бағдарланған компанияларға тиімді, әрі ол мейілінше маңызы аз импорттық тауарларды қысқартуға септігін тигізуі тиіс». Осы орайда, жекелеген экономист-сарапшылардың да пікіріне жүгінсек. «Открытие» қаржы компаниясының бас экономисі Данил Левченко «РосФинКом» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында теңгенің құнсыздануы мұнайгаз компаниялары үшін жағымды ықпалға ие болатындығын айтады. «Бұл саланың кәсіпорындары шетелдік нарықтарда тапқан табыстарын ұлттық валютаға айырбастау кезіндегі айырмадан басымдық алады»- деген сарапшының пікірін ұсынған аталмыш агенттік Қазақстан ұлттық валютаны девальвациялауға мәжбүр болған жалғыз ел емес екендігін, жыл басында Беларус Республикасында ұлттық валюта күрт әлсіреп, АҚШ долларына қатысты 20,5 пайызға құнсызданғанын алға тартады. Мұндағы басты себептердің қатарында жаһандық экономикалық құлдырау ауанында экспорттаушы компаниялардың өніміне сұраныстың төмендеуі және дамушы елдер нарығынан капиталдардың кері шығуы айтылған. Жоғарыда айтылған пікірлерді «Ренессанс Капитал» компаниясының бас экономисі Екатерина Малофееваның ойы да толықтыра түседі. «Ұлттық банктің шешімі біздіңше, резервті үнемдеп, инфляцияның жақсы бақылауға мүмкіндік береді» дейді экономист. Осы пікірлерге қарап, ұлттық теңгені құнсыздандырудың қаншалық қажет әрі уақытылы қадам болғанын аңғаруға болатын сияқты. Рас, болашақтағы бақуаттылық үшін бүгін қабылданатын қандай да бір шешімдердің дәл сол уақытта немесе бастапқы жүзеге асу кезеңінде халықтың белгілі бір бөлігіне салыстырмалы түрде өз ауыртпалығын салуы мүмкін. Бірақ бүгінгі өткінші қиындық, ертең түпкі нәтижеде тұтастай халықтың игілігіне асары анық. Мұны өзіміз емес, сырт көз ? сыншылардың пікірі де айғақтап отыр.
Соңғы жаңалықтар