15:56, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Теңге қазіргі таңда тұрақты валюта болып отыр - Kaspi bank-нің басқарма төрағасы
АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазір валютаның базалық бағамы жұмыс істеп тұрған жоқ. Сол себепті теңгенің бағамына қандай да бір болжам жасау қиын. Оны Kaspi bank-нің басқарма төрағасы Михаил Ломадзе бүгін БАҚ өкілдерімен болған кездесуде айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еуро мен доллар бағамы күн сайын өзгеруде. Ал валютаның базалық бағамы қазір жұмыс жасап жатқан жоқ. Сол себепті тұрақсыздық әлі жалғасады», дейді М. Ломадзе. Оның сөзіне қарағанда, валюта бағамы экономикадағы ақшаның көлеміне тәуелді. Сондықтан теңгенің бағамына қандай да бір болжам жасау қазір қиындау. Дегенмен, теңге бүгінгі таңда тұрақты валюта болып отыр.