Теңгенің бағамы алдағы 3-5 ай ішінде тұрақтанады - Қ.Келімбетов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Алматыда Халықаралық валюта қорының Орталық Азия және Кавказ өңіріне арналған «Өңірлік экономикалардың даму келешегі» атты баяндамасының таныстырылымы барысында теңгенің бағамы алдағы 3-5 ай ішінде тұрақтанатындығын жеткізді.
None
None

Оның айтуынша, теңгенің бағамы 250-270 теңге көлемінде болуы мүмкін. Ал инфляцияны таргеттеу мақсатында базалық мөлшерлеме жоғары деңгейде болады.

«Теңге бағамы алдағы үш, ары кетсе, бес ай ішінде тұрақтанады. Сондықтан жоғары экономикалық өсімге қол жеткізу үшін біз несиелендіру шарасын кеңейтуіміз керек. Тамыз, қыркүйек айларында валюта бағамы 257 теңгені құраған еді. Кейін 210 теңгеге түсіп кетті. Бұдан кейін 250 теңгеге қайта көтерілді. Ал валюта нарығы тиімді ме? Валюта бағамы теңге мен долларға қатысты сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде қалыптасып жатыр ма? Жоқ. Өйткені, бүгінде валюта нарығында 100-200 млн. доллар ғана сатылымға түседі. Ал бұл көп емес», - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.

Соңғы жаңалықтар