15:12, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Теңгенің девальвациясына байланысты «құпия ақпараттар» алдын ала тарап кетті деген сөз жалған ? Г.Марченко
АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Теңгенің девальвациялануынан зардап шеккендер бар. Мен оны мойындаймын. Зардап шеккендердің басым бөлігі депозиттерін банкке теңгемен салғандар және доллардың құнымен несие алғандар.

«Бұл орайда мен олардың тек осы сәтте ғана зардап шегіп отырғандығын айтқым келеді. Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында депутаттың сауалына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда елімізде теңгенің девальвациялануы тек тауарды сыртқы шығарушыларға тиімді деген пікір де айтылып жүр. Ал шын мәнінде бұл шара девальвацияның нәтижесінде сырттан келетін тауарлармен бәсекелесуге мүмкіндік алған отандық экономиканың игілігі үшін жасалып отыр. Бұл мәселеге байланысты құпия ақпараттар ешкімге де алдын ала мәлім болған жоқ. Бұл істі біз айналасы 24 сағаттан аз уақыттың ішінде бітірдік. Сондықтан халық қалаулыларының алаңдауларына негіз жоқ» - деп атап көрсетті Г.Марченко.