Теңгенің долларға шаққандағы бағамының өсуі бюджеттің кірісін арттырып отыр - Қаржы министрлігі

«2016 жылғы бюджеттің кірістер болжамы ағымдағы жылдың бағалауымен салыстырғанда 350,5 млрд теңгеге немесе 11,1 пайызға ұлғайтылып, 3 трлн. 2013 млрд теңге сомасында айқындалды. Кірістердің өзгеруіне бірқатар басты факторлар әсер етіп отыр. Атап айтқанда, кірістердің бір жағынан 720 млрд теңгеге ұлғаюы макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне, бюджеттен қосылған құн салығын қайтару сомаларын азайтуға, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өсуіне байланысты, сонымен бірге салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен қалыптасатын болады», - дейді министр.
Оның айтуынша, келер жылғы бюджеттің кірістерін 350 млрд теңгеге азайтатын факторлар да бар. Олар негізінен мұнайға экспорттық кедендік баждың тоннасы үшін 60 доллардан 40 долларға дейін төмендеуі есебінен қалыптасып отыр.
«2017-2018 жылдары республикалық бюджетке кірістер түсімі алдыңғы жылдың деңгейіне қарағанда сәйкесінше 211 млрд және 407 млрд теңгеге ұлғаятын болады», - деді Б. Сұлтанов.