14:33, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Теңгенің нығаюы жалғасуда
АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусым айында теңге 0,01 пайызға нығайды. Оны ҚР Ұлттық банкінің төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Маусымда теңгенің АҚШ доларына бағамы 150,13-150,54 теңге аралығында өзгерді. Ал айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ долары үшін 150,43 теңге болды. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың айтуынша, алғашқы жарты жылдықтың соңында валюта нарығы өте тыныш болды. Бұған дейін мәлімделгендей онда алаңдаушылыққа еш негіз жоқ.
Жалпы өткен айда Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттық мәмілелерді ескергенде мамырмен салыстырғанда 9,3 пайызға ұлғайды. Ал биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 74,8 пайызға артып, 4,1 миллиард АҚШ долларын құрады.