Теңгенің тағы құнсыздануы мүмкін деген сөз кезекті жалған ақпарат - Ұлттық Банк төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің тағы да құнсыздануы мүмкін деген сөз кезекті жалған ақпарат қана. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте
None
None

ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов айтты. «Теңгенің тағы да құнсыздануы мүмкін деген сөз кезекті жалған ақпарат қана. Мұндай өсек-аяң 2009-2014 жылдар аралығында жылына шамамен 13 рет айтылып келеді. Сондықтан осындаймен айналысатын арнайы алаяқтар тобы бар екенін, олардың мақсаты халық арасында түсініспеушілік туғызу екенін білу керек», - деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, қазір мұнайдың бағасы жоғары болып тұр. Рубль де күшейіп келеді.

«Дегенмен рубль ең төмен шегіне дейін құнсызданып кетсе де, бізге ешқандай қауіп төнбейді. Менің ойымша, біздің теңгеміздің құны жеткілікті дәрежеде қорғалған», - деді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, банктің ішкі резерві 28 млрд. долларды құрап отыр. Сондықтан ешқандай девальвацияға негіз жоқ.

«Егер 2012 жылы Ұлттық банктің ішкі резерві 28 млрд. доллар болған болса, 2013 жылы ол 24 млрд. долларға түсіп қалды. Ал 2014 жылдың 21 мамырында ол қайтадан 2012 жылғы деңгейіне көтеріліп, 28 млрд. доллар болды. Яғни ешқандай девальвацияға негіз жоқ», - деді бас банкир.

Соңғы жаңалықтар