«TengriBank» АҚ басшыларының бұрынғы орынбасарлары ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігі «TengriBank» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен сол банктің «TengriBank» АҚ Алматы филиалының директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жәдіковтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұсталған адамдар ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Еске сала кетсек ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов Tengri Bank-тің лицензиясынан айырылуына қатысты пікір білдірген болатын.

«Экономикалық тергеулер қызметі өндірісінде Tengri Bank басшылығына қатысты іс жоқ. Бұл істі басқа органдар тергеп жатыр. Сондықтан ешқандай пікір білдіре алмаймын. Бұл салада ол басқа органдардың құзіретіне кіреді. Іс бас прокуратураның, арнаулы прокурорлардың өндірісінде. Қазіргі уақытта бұл істің қайда жатқаны маған белгісіз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

«Tengri Bank» АҚ салымшыларына бес күн ішінде 10,7 млрд теңге төленген.




Соңғы жаңалықтар