Теңіз дауылы алып кемені аударып кете жаздады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдар Оңтүстік Африкадағы теңіз дауылы (нақты қай жер екендігі айтылмайды) кезінде алып кеменің төңкерілуге шақ қалған сәтін видеоға түсіріп алған.
Сұрапыл жел оны екі жағына кезек-кезек 20° қисайтқан. Автомобиль тасымалдауға бейімделген судно бос болғандықтан бұл оқиғаны көргендер оның апатқа ұшырайтындығына сенімді де еді.
Абырой болғанда, бәрі сәтті аяқталды. Кейінірек кеменің еш жері зақымданбай айлаққа жеткені белгілі болды.