Теңіз кен орнынан келген тұрғыннан коронавирус анықталды - БҚО

БҚО әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, ол – 1988 жылғы облыс тұрғыны.
Көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Үш адамның екеуі – Түркістан облысының Ресейде жұмыс жасайтын 1980 және 1970 жылғы тұрғындары. Олар Самара облысымен шектесетін «Сырым» автоөткелінен өткен кезде денсаулықтарына шағымы болмағанмен, алгоритмге сәйкес жедел жәрдеммен карантиндік стационарға жеткізілген.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен үшеуінің де коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болғандар бақылауға алынып, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Осылайша БҚО-да сырқаттанғандар саны 213-ке жетіп, соның 59-ы сауығып шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауру жұқтырған бес адамның Теңіз кен орнынан келгенін, бір күнде 18 адамның жазылып шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Теңіз кенішінде карантиндік режим енгізілді.