Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 550 адам қауіпті вирусқа шалдыққаны анықталған.
Оның ішінде Атырау қаласында – 241, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 185 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында – 27, Жылыойда – 27, Индерде – 26, Исатайда – 17, Мақатта – 15, Махамбетте – 10, Құрманғазы ауданында 2 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.
Науқастардың арасында 340 адам симптомды белгісімен ауырған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 489 науқас сауығып шыққан.
«Қазір 8 143 адам үй жағдайында ем қабылдауда. Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 789 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде Теңіз кен орнындағы стационарда – 412, аудандардағы стационарларда – 387, модульдік ауруханада – 192, №2 облыстық ауруханада – 189, облыстық ауруханада – 176, теміржол ауруханасында – 106, кардиологиялық орталықта 101 науқас бар. Сондай-ақ, фтизиопульманология орталығында – 97, ал, жатақханаларда 129 пациент оқшауланған» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында екі тәулікте 1 078 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.