Теңіз кен орнында мердігер мекеменің цехы өртенген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мердігер мекеменің цехы өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңізшевпройл» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт Теңіз кен орнының өндірістік аймағынан тыс жерде тұтанған. Мердігер мекеме – «Nasar Solution» компаниясының өндірістік цехы өртенді. ТШО-ның өрт сөндіру және апаттық қызметі оқиға орнына жедел жетті. Мердігер компанияның 15 қызметкері қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін Теңіз кен орнындағы вахта кентінде өрт тұтанғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар