Теңіз кенішінде 56 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте 94 адам коронавирус жұқтырды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қауіпті

індетке шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 24 науқас бар. Теңіз кенішінде 56

жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 2, Қызылқоғада – 1, Индерде – 1, Құрманғазы

ауданында 10 адамнан Сovid-19 анықталған. Коронавирустың симптомды түрі 27 науқаста

байқалған.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 68 адам емделіп шықты. Қазір үй

жағдайында ем алып жатқан науқастар 333 адамға жетті. Сондай-ақ, облыстық

инфекциялық стационарда 87, аудандардағы стационарларда 37, ал, Теңіз кенішіндегі

стационарда 626 адам ем қабылдап жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз

қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кенішінде 88 жұмысшы коронавирусқа шалдыққанын

хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар