Теңіз кенішінде газдың атылу салдарын арнайы комиссия тексеріп жатыр

АТЫРАУ.ҚазАқпарат - Атырауда арнайы комиссия Теңіз кен орнындағы газдың атылуына байланысты ТЖ-ға тексеріс жүргізуде. Бұл жайлы мемлекеттік орган өкілдері «Теңізшевройл» ЖШС-ынде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«ТЖ дерегі бойынша тексеріс бір тәулік бұрын, 31 мамыр күні басталды. Заңмен қарастырылған ескерту шараларын сақтау керек болды. Хабарландыру жіберілді, ол Құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитет тіркеуінен өтіп, 31 мамырдан бастап Атырау облыстық экология департаментімен тексеру жұмыстары басталды. Алғашқы нәтижелер жайлы атылған газ көлемі анықталғаннан кейін айтуға болады. Газ көлемін негізге алып, шығынды да анықтауға болады», - дейді ҚР Энергетика министрлігі Экологияны реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Азамат Әлімбаев.

Айта кетейік, 30 мамыр күні Теңіз кенішінде газ атылды. Оған электр энергиясының кенеттен өшуі себеп болды. Жұмысшылар дереу қауіпсіз жерге жеткізілді. Улану, жарақат алу немесе мұнай төгілу жағдайлары тіркелмеген.

 

Соңғы жаңалықтар