Теңіз кенішінде күкірт қоры қалған жоқ

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Теңіз және Королев кеніштерін игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС кәсіпшілік аумағында бұрын қордаланып, тау-төбе болып тұрған күкірттің соңғы легін жөнелткенін жариялады.
None
None

«Көп жылдар бойы біз Теңізге үйілген күкірт тауларын көріп келдік. 2006 жылы оның ашық алаңдарда сақталған қоры 9 млн. тоннадан асып, аймақ тұрғындарының алаңдаушылығын туғызды. Біздің біріміз де бұл қорды әкетіп тауыса алмайтындай көрдік. Бірақ та ТШО-ның және мердігерлік ұйымдардың шалымды жұмыстары мен ойдағыдай жүзеге асырылған жобалардың нәтижесінде біз күкірттің соңғы тонналарын тиеп жөнелттік», - деді ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин.

«Жобаның ойдағыдай орындалуын қамтамасыз еткен ТШО-ның маркетинг және тасымалдау бөлімінің, өндірістік бөлімінің, сондай-ақ «Ариадна» ЖШС мен «Денхолм Жолдас» ЖШС мердігерлерінің жұмысын атап өткім келеді. Олардың қарқынды жұмысының арқасында Қазақстан күкіртті ірі жеткізушілердің ондығына кірді», - деп атап көрсетті ТШО бас директоры Тим Миллер.

Қазіргі кезде Теңізде тәулігіне 6 мың тоннадан астам жиынтық қуаты бар күкіртті түйіршіктейтін бес қондырғы пайдаланылуда. Олар кеніштен құрамында 13 пайыз күкіртті сутегі бар мұнайды өндіру үдерісінде алынған күкіртті толық өңдеуді қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум