Теңізге шыға алмайтын елдердің ДСҰ-ға қосылуы - ерекше үдеріс - ДСҰ Бас директорының орынбасары

АЛМАТЫ. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Теңізге шыға алмайтын елдердің ДСҰ-ға қосылуы үрдісінде географиялық орналасуына байланысты орын алып жатқан барлық кедергілер мен факторларды ескеру керек.
None
None

Оны ДСҰ  Бас директорының орынбасары Валентина Ругвабиза бүгін Алматыда өтіп жатқан Халықаралық сауда, саудаға жәрдемдесу және саудаға көмек мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жаһандық тақырыптық кездесуде айтты.

«Теңізге шыға алмайтын елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу үрдісі ерекше. Онда бұрынан табысты жұмыс жасап жатқан және  жақында кіріп жатқан елдер бар. Олар - Македония, Қырғызстан, Моңғолия. Басқа мүшелерден міндеттеме  алған бұл елдерде тарифтердің төмендеуі орын алып отыр. Бұл бірінші кезекте ДСҰ-ға қосылуына байланысты Парагвай, Боливия сияқты елдерде ұтымды шешіліп отыр», - деді Валентина Ругвабиза. Оның айтуынша, теңізге шыға алмайтын елдерге қатысты тарифтік формалар қабылданбайды. Онда азық-түлік мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Өкінішке орай бұл елдердің экономикасы осалдау. Сондықтан оларға ерекше жұмыс жасау тәжірибесі керек. Онда коммуникация, телекоммуникация және көлік салаларында инфрақұрылымды дамыту өте өзекті болып отыр. Сондықтан Дүниежүзілік банктің шілде айындағы талдауында «теңізге шыға алмайтын елдер» термині пайдаланылып отыр.   Өйткені олардың даму деңгейі өзгелерден төменірек.

ДСҰ  Бас директоры орынбасарының сөзіне қарағанда,  биыл ДСҰ-ға мүше елдердің қатарына 6 мемлекет қосылды. Олар - Моңғолия, Македония, Армения, Непаль, Черногория, Ресей. Жалпы теңізге шыға алмайтын елдерді келіссөзге қатысушылар ерекше бағалайды. Сондықтан бұл мемлекеттер келіссөзді одан әрі жалғастыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар