Теңізге шыға алмайтын өзге елдердің қазір Қазақстанға қызығушылығы өте жоғары - ҚР ЭДС министрі

Бұл туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Алматыда өтіп жатқан Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдердің сауда министрлерінің IV кездесуі кезінде айтты.
«Теңізге шыға алмайтын экономикасы арnта қалған елдердің дамуына ықпалдастық жасау үшін БҰҰ олардың өз өнімін теңіз арқылы өзге елдердің нарығына шығаруына көмек көрсетуде. Мұндай кездесулер, конференциялар арқылы бұл елдерге инфрақұрылымдық өзгерістер енгізіп, кедендік, әкімшілік кедергілерді жоюға әрекет жасауда. Бұл мәселе теңізге шыға алмайтын дамушы елдер сауда министрлерінің бүгінгі төртінші кездесуінде де жан-жақты сөз болуда. Қазір онда халықаралық ұйымдардың өкілдері өз пікірлері мен пайымдауларын айтуда», - дейді Б.Сағынтаев.
Оның айтуынша, бұл алқалы жиын кезінде Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас хатшысының орынбасары Валентина Ругвабиза әлемдік дағдарысқа қарамастан дамушы елдердің экономикасы мен жалпы ішкі өнімінің өсуі жалғасып жатқанын айтты. Бұл бағытта қазір Қазақстан көп жұмыстар жасауда. Сондықтан бұл бағыттағы Қазақстанның оң тәжірибесіне қызығушылық білдірушілер қазір өте көп болуда.