«Теңізшевройл» ағымдағы жылы 20 жылдығын атап өтеді

АТЫРАУ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысында Теңіз және Корольдік кен орындарын өндеумен айналысатын «Теңізшевройл» ЖШС биыл өзінің құрылуының 20 жылдығын атап өтеді.
None
None

Бұл туралы аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовпен болған кездесуде «Шеврон» корпорациясы Еуразиялық бөлімшесінің директоры Скотт Дэвис хабарлады.

С.Дэвистің айтуынша, мерекелік салтанаттар 3-4 сәуір күндері Астанада өтеді, 5 сәуірде Атырауда жалғасады, ал 6 сәуір күні Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, 1993 жылы Қазақстан Республикасының «Теңіз» корпорациясымен «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қоюы еліміздің халықаралық аренада шетелдік инвестицияларға жол ашқан алғашқы жетістігі болды.

Соңғы жаңалықтар