17:11, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Теңізшевройл» балаларға жаңажылдық сыйлық үлестірді
АТЫРАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы Теңіз және Королев кеніштерін игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС балаларға жаңажылдық мың сыйлық үлестірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аяз Ата мен Ақшақар рөлін ойнаған ТШО қызметкерлері мектеп-интернат пен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, туберкулез диспансерінде, шипажай мен оңалту орталығында емделіп жатқан балаларға ойыншықтар мен тәттілерді сыйға тартты.