«Теңізшевройл» компаниясына газ бағасын көтермеу туралы өтініш жасалды

АТЫРАУ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына аймақ тұтынушыларына сатылатын табиғи газдың бағасын көтермеу туралы өтініш жасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ТШО бірнеше жыл бойы әлеуметтік серіктестік аясында газбен облыс тұтынушыларын жеңілдікті баға бойынша қамтамасыз етіп келеді. Нәтижесінде Атырау облысында соңғы 3 жыл бойы, өткен жылдың күзіне дейін жылу энергиясының тарифі көтерілмей, электр энергиясы мен тұрмыстық газ үшін Қазақстандағы ең төменгі тариф сақталып келді. Бүгінде атыраулықтар газдың текше метрі үшін 3,5 теңге төлейді. Бірақ қазіргі проблема сол, газдың бағасы доллармен қойылған, сондықтан да ол үшін жұртшылық доллардың теңгеге қатысты бағамы бойынша есептеседі. Теңге девальвацияланғаннан кейін газ үшін жаңа бағамен есептесу керек. Ал мұның салдарынан тұтынушылар үшін газ қымбаттап кетеді. Газ таратушы ұйымдар өз кезектерінде жеке және заңды тұлғалар үшін өз тарифтерін көтеруі қажет немесе еш табыссыз, тіпті шығынмен жұмыс істеуі керек. Табиғи монополияларды реттеу департаментінде ТШО өкілдерімен болған кездесуде осы мәселелер сөз болды. Монополияға қарсы ведомство басшысы Балжан Досмұхамбетова ТШО өкілдерін, облыста барлық қызмет көрсетуші-кәсіпорындарда барынша үнемділікке қол жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Кәсіпорындардың шығыстары қатаң бақылауға алынып отырғанын, нормадан тыс шығындар азайтылғандығын айтты. Мұның барлығы монополистер өз қызметтерінің бағаларын көтермеуі үшін жасалып отыр. «Біздегі бүгінгі тарифтер тек Қазақстандағы ғана емес, барлық ТМД елдеріндегі, Еуропаны айтпай-ақ қояйық, ең төменгісі. Облыс үшін газ бағасын барынша арзан ұстап отырған ТШО компаниясының осындағы үлесі зор. Біз сіздерден тағы да игілікті бастама күтеміз - жылдың соңына дейін газды девальвацияға дейінгі доллардың ескі бағамымен сатуды өтінеміз. Осылайша, сіздер ондаған мың атыраулықтарға, біздің кәсіпкерлерімізге көмектесе аласыздар», - деді Б.Досмұхамбетова ТШО өкілдеріне айтқан сөзінде. ТШО өкілдері монополияға қарсы ведомствоның бұл өтінішіне оң ниет білдіріп, барлық тұтынушылардан ақпанның 15-іне дейін газ бағасын көтермеу туралы өз өтініштерін жазбаша негіздеуді сұрады.
Соңғы жаңалықтар