14:07, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
«Теңізшевройл» және басқа да компаниялар «ҚазАтомӨнеркәсіппен» күкірт жеткізу жөнінде меморандумдарға қол қоя бастады
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Өндірістік қызметі күкіртпен байланысты «Теңізшевройл» компаниясы мен басқа да жер қойнауын пайдаланушылар «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясымен күкірт жеткізу жөнінде меморандумдарға қол қоя бастады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Теңізшевройл және басқа да компаниялар күкірт жеткізу жөнінде келісімшарттарға отыруды, оның ішінде «ҚазАтомӨнеркәсіппен» меморандумға қол қоюды бастады. Күкіртті пайдаланғысы келетін және пайдалана алатын еліміздің химия саласындағы кез-келген өндірісіне қажетті бізде күкірт қоры баршылық», деді отырыста С. Мыңбаев. Оның айтуынша, 2009 жылғы қаңтардың 1-гі дерек бойынша, еліміздегі күкірттің алынатын баланстық қоры 200 млн. тоннаны құрап отыр. «Былтыр 2,4 млн. тона күкірт өндірілді. Бұның 70 пайызын «Теңізшевройл» компаниясы өндірді. «Теңізшевройлдың» қоймаларында 7,8 млн. тонна күкірт жинақталған», деді министр.