«Теңізшевройл» ЖШС жаңа зауыты мұнай өңдеуден өндірістік көлемге шықты

АТЫРАУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Теңіз Королдік кенішін игеріп жатқан Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС екінші буын жаңа зауыты шикі мұнай тазалаудан және даярлаудан өндірістік көлемге шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ТШО стратегиялық жоспарлау бөлімі бас менеджерінің орынбасары Мұрат Мыңбаевтың айтуынша, 2008 жылы ресми түрде пайдалануға берілген жаңа зауыт ТМД елдерінде соңғы 20 жылда салынған ең ірі мұнай өңдеу кәсіпорны. Биылғы жылы шығуға тиісті оның жобалық қуаты ? тәулігіне 35 мың тонна мұнай. Бұл жылына 12-13 миллион тонна шикізат деген сөз. «Теңізшевройл» іске қосқан қуаттарға қосымша жаңа өндірісті пайдалануға беру компанияға жылына мұнай игеруді 13 миллион тоннадан 25 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар