Теннис: Александр Бублик Майами турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Майами ATP Masters 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жүлде қоры 8,6 млн АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың 30-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик доданы бірден екінші айнамымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 118-орында тұрған колумбиялық Даниэл Элахи Галан Ривероспен сынға түсті.

Тартысты өткен бірінші партияда колумбиялық спортшы тай-брейкте сәттірек ойнады – 7:6 (9:7).

Екінші сетте қазақстандық теннисші таразы басын өзіне аударды – 6:3. Ақыры үшінші, шешуші партияда жеңісті жұлып алды – 6:4.

А.Бублик 2 сағат 10 минутқа созылған матчта 11 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың жартысын өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Бублик үшінші айналымда әлемнің 8-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі. Ол швейцариялық Хенри Лааксоненді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Жуырда Норвегиямен матчта А.Бублик К.Руудты жеңген болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде Михаил Кукушкиннің екінші айналымға өткенін, Дэвис кубогында Қазақстанның үшінші себетке түскенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Майами турнирінің үшінші айналымына шықты.






Соңғы жаңалықтар