Теннис: Александр Бублик Монпелье турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 113-сатыда тұрған франциялық Пьер-Юг Эрбермен күш сынасты.

Бірінші партияда екі брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:3.

Екінші сетте қарсыластар брейк алмасып, тай-брейкте Эрбердің асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:2).

Үшінші, шешуші партияны А.Бублик брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 11 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Қарсыласы 7 эйс, 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 19-ыншы, осы доданың 2-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агут немесе рейтингте 130-сатыдағы франциялық Жиль Симонның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Монпелье турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар