Теннис: Әмір Омарханов Баку турнирінің жартылай финалына шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Әмір Омарханов Әзербайжан астанасы Баку қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан ITF Juniors турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қарағанды теннис мектебінің 13 жасар түлегі Ә.Омарханов ширек финалда ресейлік Савелий Шпитамен кездесті.

Қазақстандық спортшы тартысты бәсекеде 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Ә.Омарханов бүгін тағы бір ресейлік Виктор Кузнецовпен шеберлік байқасады. Егер оны жеңсе, өз спорттық жолында алғаш рет ITF додасының финалына шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатов пен Дмитрий Попконың Киев турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар