Теннис: Тимофей Скатов Киев турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимофей Скатов Киев челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Т.Скатов бастапқы кездесуінде осы жарыстың 5-ракеткасы, ұлыбританиялық Джей Кларкты 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Т.Скатов бүгін екінші айналымда украиналық Георгий Кравченкомен кездесті.

Бұдан екі жыл бұрын Г.Кравченко Испаниядағы додада 6:1, 6:2 есебімен жеңген болатын. Бұл жолы қазақстандық теннисші 1 сағат 22 минутқа созылған матчта 6:2, 6:2 есебімен қарымта қайырды.

Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін португалиялық Нуно Боргеспен таласады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ертең екінші айналымда италиялық Франческо Фортимен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open турнирінде Ярослава Шведованың аралас сында жартылай финалға өте алмағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар