US Open: Ярослава Шведова аралас сында жартылай финалға өте алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Ярослава Шведова аралас жұптық сында US Open турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

US Open: Ярослава Шведова аралас сында жартылай финалға өте алмады

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова франциялық Фабрис Мартенмен бірге ширек финалда украиналық Даяна Ястремская – аустралиялық Макс Перселмен күш сынасты.

Бұл бәсекеде украиналық-аустралиялық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Небәрі бір сағатқа жуық созылған матчта қазақстандық-франциялық жұп 1 эйспен шектеліп, брейк жасай алмады. Қарсыластары 4 эйс, 3 брейкке қол жеткізді.

Осылайша АҚШ ашық чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан чемпионатында 100-ден астам спортшы бақ сынайтынын, US Open турнирінде Андрей Голубевтің жұптық сында ширек финалға шыға алмағанын жазған болатынбыз.