16:38, 26 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Теннис: Бублик ATP рейтингінде бір сатыға жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) өз өкілдері рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Алғашқы үштікте бұрынғыша испандық Рафаэль Надаль, швейцарлық Роджер Федерер мен британдық теннисші Энди Маррей тұр.
Алғашқы жүздіктегі қазақстандықтардың позициясы мынадай: Михаил Кукушкин үш саты төмен түсіп, 81-орынды иеленсе, ал Александр Бублик 96-орыннан 95-ке көтерілді.