Теннис: Бублик Будапешт турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалында қазақстандық Александр Бублик хорватиялық Виктор Галовичпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген 21 жасар А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 172-орында тұрса, одан жеті жас үлкен қарсыласы 229-сатыда еді.

Бірінші партияда брейк жасаған хорватиялық теннисші сол басымдылығынан айырылмай, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте қазақстандық спортшы есеп 4:3 болған мезетте брейкке қол жеткізді. Сосын өз геймін жібермей, 6:3 есебімен есе қайырды.

Үшінші, шешуші сетте есеп 1:1 болғаннан кейін А.Бублик брейк жасап, алға шығып, өз геймін де алды - 3:1. Ақыры ол бұл партияны жеңіспен тәмамдады - 6:4.

Тартысты өткен бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Бұған дейін осы турнир барысында қазақстандық теннисші канадалық Стивен Диас пен ресейлік Павел Котовты тізе бүктірген болатын.

А.Бублик финалға шығу үшін әлемнің 219-ракеткасы, словакиялық Филип Хоранскимен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астанада өтіп жатқан Федерация кубогы үшін іріктеу кезеңінде Қазақстан - Үндістан матчын әуелі Зарина Диястың жеңіспен бастап, Юлия Путинцеваның жалғастырғанын, сосын Галина Воскобоева мен Анна Данилинаның жұптық кездесуді де ұтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар