Теннис: Бублик Мексикадағы турнирдің финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мексикадағы Леон челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 98-інші, осы турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда ұлыбританиялық, дүниежүзілік рейтингте 334-сатыда тұрған Лиам Бродимен кездесті.

Бірінші партия 6:2 есебімен Л.Бродидің пайдасына шешілді. Содан кейін А.Бублик жарысты жалғастырудан бас тартты.

Л.Броди финалда әлемнің 263-ракеткасы, словениялық Блаж Роламен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Мексикадағы турнирді сәтті бастап, сосын ширек финалына шыққанынжазған болатынбыз.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина Ыстанбұлдың негізгі турниріне жолдама алып, содан кейін екінші айналымға, ширек финалына шықты. Дегенмен жартылай финалға өте алмай қалды.

Қазақстандықтар Галина Воскобоева мен Анна Данилина Рабат (Марокко) турнирінің іріктеу сайысына қатысты. Г.Воскобоева әлемнің 122-ракеткасы, бельгиялық Исалин Бонавантюрдан ұтылып қалды. Рейтингте 373-сатыда тұрған А.Данилина әлемнің 211-ракеткасы, аустралиялық Зои Хайвсты 7:6 (7:2), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Енді ол іріктеу сайысының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, сербиялық Ольга Даниловичпен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар