Теннис: Бублик пен Кукушкиннің Санкт-Петербург турниріндегі қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкиннің Санкт-Петербург АТР 500 турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлде қоры 1,4 млн АҚШ долларына жуықтайтын ірі жарыс 12-18 қазан аралығында өтеді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда рейтингте 236-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен кездеседі.

Рейтингте 88-сатыдағы Михаил Кукушкин әлемнің 41-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичпен шеберлік байқасады.

Бұдан 10 жыл бұрын М.Кукушкин осы доданың жеңімпазы атанған болатын.

Өткен жылы үздік шыққан әлемнің 5-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев биыл сол атағын қорғайды. Турнирде сондай-ақ канадалық Денис Шаповалов, ресейліктер Андрей Рублев, Карен Хачанов сынды мықты теннисшілер өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтар Г.Айнитдинова мен Ж.Құламбаеваның Мысырдағы турнирде жеңімпаз атанғанын, Парижде 19 жастағы теннисшінің Ролан Гаррос жарысының чемпионы болғанын жазған едік.





Соңғы жаңалықтар