Теннис: Елена Рыбакина Чикаго турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Чикаго WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 12-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен күш сынасты.

Токио Олимпиадасында жартылай финалда Е.Рыбакина осы теннисшіден ұтылып қалған еді.

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:4.

Екінші сетте есеп 1:3 болған мезетте Б.Бенчич матчты жалғастырудан бас тартты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Е.Рыбакина 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын доданың финалына шығу үшін Е.Рыбакина әлемнің 16-ыншы, осы турнирдің 4-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен таласады.

О.Жабер ширек финалда әлемнің алтыншы, Чикаго жарысының 1-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинадан айласын асырып кетті – 6:4, 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чикаго жарысының ширек финалына, Юлия Путинцеваның Astana Open турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дмитрий Попко Лиссабон турнирінің жартылай финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар