Теннис: Елена Рыбакина Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

Жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын ірі жарыстың 17-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастады.
Е.Рыбакинаға әлемнің 57-ракеткасы, румыниялық Елена Габриэла Рузе қарсы тұрды.
Қос теннисшінің бұл өзара алғашқы кездесуі еді.
Бірінші партияда қазақстандық спортшы басымдылық танытты – 6:4.
Екінші сетте румыниялық спортшы тағы бір брейк жасағанымен, Е.Рыбакина таразы басын қайта теңестірді. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмам қылды – 7:5.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.
Елена Рыбакина үшінші айналымда қос америкалық, әлемнің 21-ракеткасы Джессика Пегула немесе рейтингте 38-орында тұрған 2017 жылғы US Open турнирінің жеңімпазы Слоан Стивенстің біреуімен шеберлік байқасады.
Өткен жылы осы додада Е.Рыбакина үшінші айналымға
дейін жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде Михаил Кукушкиннің екінші айналымға өткенін, Дэвис кубогында Қазақстанның үшінші себетке түскенін жазған болатынбыз.